Батыс Қазақстанда колледж студенті жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап кеткен

Батыс Қазақстанда колледж студенті жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап кеткен

Батыс Қазақстанда колледж студенті жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап кеткен
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданына қарасты Жаңажол ауылында болған оқиға дүйім жұртты дүрліктіріп отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 19 жастағы әйел босанған соң нәрестені пакетке орап, әжетханаға тастап кеткен.   Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел үйде босанған. «Медициналық тексерістен соң мәлім болғандай, нәресте суықта көп жатып қалғандықтан қайтыс болған. Ал анасы қазір ауруханада жатыр, ол психолог мамандардың бақылауында» делінген БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде. Жаңажол ауылының тұрғындарының айтуынша, баласын далаға тастап кеткен әйел колледж студенті екен. Қайғылы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.