Шығыс Қазақстанда бюджет есебінен 3 миллион теңгеге қалам сатып алмақ болған

Шығыс Қазақстанда бюджет есебінен 3 миллион теңгеге қалам сатып алмақ болған

Шығыс Қазақстанда бюджет есебінен 3 миллион теңгеге қалам сатып алмақ болған
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында жергілікті мекеме бюджет есебінен 3 миллион теңгеге қалам сатып алуды жоспарлаған, – деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, мұндай аса қымбат сатып алуды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары дер кезінде байқап, ірі көлемдегі бюджет шығынының алдын алған. Бір айта кетерлігі, қазына қаржысын оңды-солды жұмсамақ болған жағдай бұл өңірде бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін Антикор қызметкерлері бағасы тым қымбат бірнеше сатып алуды тоқтатқан болатын. Мәселен, жергілікті шенеуніктердің аса ірі көлемдегі қаржыға қызметтік көлік, жиһаз, кеңсе техникасын сатып алмақ болған әрекетіне жол берілмеген. Осылайша, жыл басынан бері бюджет қаржысы 1 миллиардтан астам теңгеге үнемделген.