Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау: Nur Otan құжаттарын толық өткізді

2020 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89 бабтарына сәйкес, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

1. Саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

2. Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;

3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;

4. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

5. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;

6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;

7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;

8. Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

9. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

Орталық сайлау комиссиясы Партиялық тізімдерге енгізілген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайтын болады.

Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар биылғы 10-30 қараша аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады.

Партиялық тізімдерді тіркеу 2020 жылы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button