Майк Тайсон және Рой Джонс жекпе-жек үшін қанша ақша алады?

26 қараша, 2020 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Майк Тайсон және Рой Джонс жекпе-жек үшін қанша ақша алады? Америкалық кәсіпқой боксшылар Майк Тайсон және Рой Джонс 29 қарашада өтетін жекпе-жек үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды. Yahoo! Sports мәліметінше, Тайсон бұл кездесу үшін 10 млн, ал Джонс шамамен 3 млн доллар алады. 54 жастағы Тайсон мен 51 жастағы Джонс АҚШ-тың Карсон қаласында өтетін "Аңыздар айқасы" атты шоуда сегіз раундтты жекпе-жекке шығады. WBC ұйымы жеңімпазға арнайы белбеу дайындады.