Жаңалықтар

Британдық дәрігер коронавирустан қорғану үшін қандай өнімдер тұтыну керегін айтты

ашық дереккөзі

Британдық дәрігер коронавирустан қорғану үшін қандай өнімдер тұтыну керегін айтты

Ұлыбританиялық дәрігер Гита Мейкер-Кларк пандемия кезінде ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін айтты. Оның сөзінше, иммунитетті көтеру үшін мүмкіндігінше жаңа піскен көкөніс пен жемістерді күнделікті тұтынып, қант жеуді азайту қажет. Дәрігердің кеңесін Daily Express жариялады. "Иммундық жүйеге бірнеше дәрумен керек. Атап айтқанда, A, C, D, E, B6 мен B12 және фолат, мырыш, темір, мыс пен селен дәрумендері жеткілікті болуы қажет", – дейді маман. Дәрігердің айтуынша, С дәруменіне бай өнімдер – брокколи мен болгар бұрышы, брюссель орамжапырағы және цитрусты өсімдіктерді рационға қосу маңызды. Ал А дәруменінің орнын толтыру үшін көкөністерден – сәбіз бен қауын, асқабақ және тәтті картопты көбірек тұтыну керек. Е дәруменінің тапшылығын жоюға жаңғақ пен асжапырақ және күнбағыс майы көмектеседі. Британдық дәрігер иммундық жүйе мықты болған жағдайда ғана ағза індетке төтеп бере алатынын айтты.