Польшада әлемдегі ең терең бассейн ашылды (видео)
Польшада әлемдегі ең терең бассейн ашылды (видео)
Польша астанасы Варшава маңындағы Мщонуве елді мекенінде әлемдегі ең терең бассейн – Deepspot ашылды.
Дайфингке арналған бассейннің тереңдігі – 45 метр, ал ондағы судың жалпы көлемі 8 мың шаршы метрді құрайды. Су температурасы – 32-34°C, деп хабарлайды Тhe Independent.
Deepspot бассейнінің ішінде конференция залдары, мейрамханалар мен қонақ үй нөмірлері бар. Судан құрғақ болып шыққысы келетіндер үшін океанариумдардағыдай суасты туннельдері де жасалған.
Жаңадан ашылған бұл бассейн Польша мақтаныштарының қатарына еніп үлгерді.
Айта кетейік, осыған ұқсас бассейндер бұған дейін Брюссель маңында (33 метр) және Италиядағы Падуя қаласының маңында (42 метр) ашылған.
https://www.youtube.com/watch?v=IAMUMawR9bg&feature=emb_logo