Жаңалықтар

Германияда локдаун жыл соңына дейін ұзартылды

ашық дереккөзі

Германияда локдаун жыл соңына дейін ұзартылды

Германияда қатаң карантин 20 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шектеулер 2021 жылғы қаңтардың соңына дейін созылуы да мүмкін. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. «28 қазанда қабылданған шектеулер әлі күшінде. Әзірге 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Алайда індет жұқтырғандар санының көптігіне байланысты карантинді қаңтардың соңына дейін ұзарту қажет деп есептейміз», - деді Меркель. Алайда елдегі рождестволық демалыс кезінде карантин жеңілдетілуі мүмкін деп болжанып отыр. Еске сала кетейік, 2 қарашадан бастап Германияда коронавирус індетінің таралуын шектеуге бағытталған төрт апталық ішінара (жартылай) локдаун күшіне енген болатын. Елдегі барлық демалу орындары, мейрамханалар, кафелер және қызмет көрсету саласындағы көптеген компаниялардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар ел тұрғындарына өз үйінен тыс әлеуметтік байланыстарды «абсолютті минимумға дейін» шектеуге нұсқау берілді.