Жамбылдық қойшыдан 15,5 келі есірткі тәркіленді

Жамбылдық полицейлер «Допинг» іс-шарасы барысында есірткі қылмысының 30 дерегін анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 қарашада Ақыртөбе ауылының маңындағы жайылымда қой бағып жүрген Жамбыл облысының 62 жастағы тұрғыны ұсталды, одан 15 келі 500 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады және қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Бұдан басқа Жамбыл облысында орналасқан 15 дәріхана, 18 дәрі қоймасы, 6 емдеу мекемесі, 3 өндірістік кәсіпорын тексерілді. Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 2 келі гашиш, 22 келі марихуана, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар 1 480 ампула тәркіледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button