«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді
«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі 50 млн тоннаға жетті.
«Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы тағы бір маңызды көрсеткішке қол жеткізді. «Қашаған» кен орны 2016 жылдан бері 50 млн тонна мұнай өндіріліп, экспортталды» -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компания COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын қабылдап, нысандардағы жұмыс күшін шектеген. Соған қарамастан, «Қашаған» кен орнын игерудің бірінші кезеңі шеңберінде мұнай өндірудің тұрақтылығын, өзге де нысандардың жұмысын қамтамасыз етуде.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қашаған кенішінде өндірілген мұнай үш млн тоннаға жеткенін хабарлап едік.