Перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан кейін білген қазақстандықтар сотқа шағымданды

Павлодар облысының тұрғындары Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов кезінде перзентханада ауысып кеткендерін 35 жыл өткеннен кейін ғана біліп отыр. Бұл туралы Tengrinews сайты жазды.

Нариманның ауылдастары жастайынан оның өз ата-анасы, туған-туыстарына ұқсамайтынын айтып келген, ал ортақ таныстары оның Әнуарбек Қуанышев есімді кісіге, ал Ержанды Нариманның әкесі Өмірбай Хамитовтан айнымайтынын айтып жүрген екен.

Белгілі болғандай, Нариман мен Ержанның анасы Железинка орталық аудандық ауруханасында бір уақытта, яғни 1985 жылғы 8 шілдеде босанған.

Нариман Хамитов ДНК тест жасатып, осы уақытқа дейін оны бағып-қаққан жандар оның туған ата-анасы емес екенін анықтаған. Ал Ержан Қуанышевты өсірген әйел шын мәнінде Нариман Хамитовтың анасы болып шыққан.

Бүгінде Нариман мен Ержанның отбасы осыдан отыз бес жыл бұрын мұндай қателікке жол берген перзентханамен соттасуда. Олар өтемақы ретінде перзентхана әкімшілігінен 35 миллион теңге талап етуде.

Перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан кейін білген қазақстандықтар сотқа шағымданды

Нариман Хамитов және Әнуарбек Қуанышев

Перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан кейін білген қазақстандықтар сотқа шағымданды

Ержан Қуанышбек және Өмірбай Хамитов

Back to top button