Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттығына үміткер болды

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде мәжіліс депутаттығына 126 кандидат бекітілді. Олардың 49-ы Орталық партиялық квота бойынша үміткер болды.

Мәжіліс депутаттығына орталық партиялық квота бойынша кандидат болғандардың арасында Дариға Назарбаева, Нұрлан Нығматулин, Асқар Мамин, Бекболат Тілеухан, Ахметжан Есімов, Тамара Дүйсенова, Бауыржан Байбек, Айдос Сарым, Ерлан Сайыров және тағы басқалары бар.

Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент мәжілісінің қазіргі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері – 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8%.

Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы,  11-і – ғылым кандидаты.

Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жасты құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button