Жаңалықтар

Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңге бөлінеді – Президент

ашық дереккөзі

Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңге бөлінеді – Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяудағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлінетінін айтты. Президенттің сөзінше, әлеуметтік саясатты жүргізу кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге басымдық беріледі. «Таяудағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Сонымен қатар, біз мұны инфляция деңгейіне 2% қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз», – деді Қ.Тоқаев. Бұған дейін Президент Nur Otan партиясы Үкіметпен бірге «Өзгеру жолы – әркімге лайықты өмір» бағдарламасына 21 триллион теңге бөлуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.