2021 жылы коммуналдық тарифтер қымбаттай ма?

2021 жылы коммуналдық тарифтер қымбаттай ма?

2021 жылы коммуналдық тарифтер қымбаттай ма?
ашық дереккөзі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев 2021 жылы коммуналдық тарифтер биылғы деңгейде сақталатынын мәлімдеді. «Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының 2021 жылы тарифтерді сақтап қалуға қатысты тапсырмасы бар. Аймақтық бөлімшелердің бәрі аталмыш бағытта ауқымды жұмыс жүргізуде. Табиғи монополиялар тарапынан жаңа тарифтерді бекіту туралы 143 өтінім қарауымызда жатыр. Өтінім бойынша берілген өсім деңгейі баршылық», – деді Асан Дарбаев. Комитет басшысы бұл өтінімдер қаралатынын жеткізді. «Бұған дейін айтып өткенімдей, бізде тариф өзгерісінің орынды болуын реттейтін нақты ережелер бар. Олар – инвестициялық бағдарламардың тартымдылығы, тарифтік сметаларды түзету туралы ережелер. Осының бәрі бізге 2021 жылы халық үшін тарифтерді 2020 жылғы деңгейде сақтауға көмектеседі», – деді комитет төрағасы.