Nur Otan партиясының сайлауалды штабының жетекшісі тағайындалды

Nur Otan партиясының сайлауалды штабының жетекшісі тағайындалды

Nur Otan партиясының сайлауалды штабының жетекшісі тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды штабының жетекшісі ретінде Бауыржан Байбекті тағайындады. «Бүгінде «Nur Otan» өзінің табыс тарихымен мақтана алады. Партия бағдарламасын орындау қажет және оның орындалатындығына да сенемін. Ол елімізді одан ары жаңғыртуды, барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Елбасы партияның кезектен тыс ХХ съезін қорытындылай келе. ҚР Тұңғыш Президентінің атап өтуінше, сайлау науқанын табыс өткізу үшін республикалық және өңірлік штабтардың үйлесімді жұмысын ұйымдастыру қажет. «Кандидаттар, белсенділер, сенім білдірілген тұлғалар барлық өңірге барып, әр сайлаушыға түсінікті тілде партия ұсыныстарын айып беруі тиіс. Мұнан ары даму үшін қандай бағдарлама ұсынатынын түсіндіруі керек. Осы орайда республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі қызметіне партиядағы орынбасарым Бауыржан Байбекті ұсынамын. Оған штабтың жеке құрамын, мүшелерін айқындап, сайлау науқанын ұйымдастыру, барлық облыстық штабтармен, әкімдермен және белсенділерімізбен жұмыс істеу қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.