Мемлекет басшысы: Елімізде 800 жаңа мектеп салынады

Мемлекет басшысы: Елімізде 800 жаңа мектеп салынады

Мемлекет басшысы: Елімізде 800 жаңа мектеп салынады
ашық дереккөзі
Республика бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін білім және мәдениет саласын өркендетуге, жастарды қолдауға баса мән беруіміз керек. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Соның арқасында біз апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешеміз» - деді ҚР Президенті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық мектептер интернетпен, компьютермен және пән кабинеттерімен қамтамасыз етілетіндігін атап өтті. «Ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде орналасқан 5 мыңнан астам мектеп жаңартылуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.