Қаражатты және жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару керек – Қ.Тоқаев
Қаражатты және жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару керек – Қ.Тоқаев
Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Біздің бағдарламамызда негізгі 4 басымдық бар. Бірінші - әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән берілетіндігін айтты.
«Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.