Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 550 млн теңгені құраған 2,4 мың тонна мұнай өнімі көлемінде жанар- жағармай материалдары заңсыз тасымалының жолын кесті. Күдіктілердің іс-әрекеті санкциясы мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ҚР ҚК 197 бабының 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес сараланды. Күдіктілер ұсталып, екі ай мерзімге қамал ды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.