Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтеді. Съезде партияның алдағы сайлауға дайындығы пысықталып, сайлауалды бағдарламасы талқыланбақ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Nur Otan»-ның орталық аппаратында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, партияның соңғы 5 жылдағы қорытындысы жарияланған болатын. Сол жиында бүгінгі съездің күн тәртібі де бекітілді.