Макрон Францияда карантин қашан тоқтайтынын айтты

Макрон Францияда карантин қашан тоқтайтынын айтты

Макрон Францияда карантин қашан тоқтайтынын айтты
ашық дереккөзі
Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі карантиндік шектеулер қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Оның сөзінше, егер 15 желтоқсанға қарай Францияда тәулігіне індет жұқтырғандар саны шамамен 5 мың, ал жансақтау бөлімінде 2-3 мың науқас болатын болса, үкімет өзін-өзі оқшаулау режимін тоқтату мәселесін қарастырып, ел тұрғындарының еркін қозғалысына рұқсат бермек. Сондай-ақ, Макрон мемлекет коронавирустың екінші толқынының шарықтау шегін еңсергенін және соңғы уақытта елде вирус жұқтырғандар санының айтарлықтай азайғанын атап өтті. Еске сала кетейік, 30 қарашадан бастап Францияда жалпыұлттық карантин енгізілген болатын. Елде барлық қоғамдық орындар, университеттер жабық. Бұқаралық жиындар мен митингтер өткізуге тыйым салынған. Десе де, елде балабақшалар, мектептер мен колледждердің жұмысы тоқтаған жоқ.