БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды
ашық дереккөзі
23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның telegram каналы. Осы 10 ұшақпен ұшып келген 940 жолаушының 853-інде ПТР-тест анықтамасы болған, ал қалған 86 адам, соның ішінде Нұр-Сұлтанға 41, Алматыға 27, Ақтауға 20 жолаушы анықтамасыз ұшып келген. «Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және барлық 86 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», – деп жазылған хабарламада. Алайда Біріккен Араб Әмірліктерінен келген бір жолаушының ел аумағына оң нәтижесі бар анықтамамен келгені белгілі болды. Тестілеу қорытындысы оған сапар барысында электронды пошта арқылы жеткен. Жолаушы бірден оқшауландырылып, әуежайға жедел жәрдем көлігі шақыртылған.