Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте оқитын 8 оқушы және мектеп жанынан ашылған шағын орталық тәрбиеленушісінен коронавирус инфекциясы анықталды. Осыған байланысты білім ошағы карантинге жабылды. Белгілі болғандай, оқушылар вирусты ата-анасынан жұқтырған. Егер карантин кезінде басқа оқушылардан коронавирус белгілері байқалмаса, мектеп штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастырады.