Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді
24 қараша, 2020 /
Әділ Байбол
Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді
Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды.
Бұған дейін ажалды антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған 7 адам көз жұмып, тағы 2 адамның ауыр халде ауруханада ес-түссіз жатқаны хабарланған болатын.
Бұл жолы Алдан ауданы, Угоян ауылының тұрғыны Алдан қаласынан 1 литр антисептик сатып алып, ішкен. Көп уақыт өтпей ер адам тіл тартпай кеткен. Оның дәл сол 7 адамның өліміне себеп болған ажалды антисептикті ішімдік ретінде тұтынғаны белгілі болды.
Зертханалық тексеріс кезінде антисептиктің құрамында метанолдың шамадан тыс мөлшері (62-ден 69 пайызға дейін) анықталған. Күмәнді антисептиктің жапсырмасында құрамы туралы ақпарат жоқ, тек 70% спиртті құрайтыны жазылып, ол қандай спирт екені жазылмаған екен.
Осыған орай, қазақстандық дәрігерлер де антисептик сатып аларда мұқият құрамын қарап, күдік тудырған өнімді алмауға кеңес береді. Сондай-ақ, медицина мамандары антисептикті ішімдік ретінде тұтынуға мүлде болмайтынын ескертеді.