Үндістан полициясы Netflix компаниясы әзірлеген телесериалды тексермек

Үндістан полициясы Netflix компаниясы әзірлеген телесериалды тексермек

Үндістан полициясы Netflix компаниясы әзірлеген телесериалды тексермек
ашық дереккөзі
Үндістан полициясы америкалық Netflix медиакомпаниясы әзірлеген «Келісті жігіт» телесериалындағы сюжетке тексеру жүргізбек, деп хабарлайды Әл-Джазира агенттігі. Үндістан ресми өкілдеріне телесериалда храмның алдында индуистік дінді ұстанатын қыз бен мұсылман жігіттің сүйісіп тұрған көрінісі ұнамаған. «Мұнда белгілі бір дін өкілдерінің көңіліне тиген жағымсыз сюжеттер бар», – деп мәлімдеді  Мадхья-Прадеш штатының Ішкі істер министрі Нароттам Мишра өзінің Twitter парақшасында. Министр діни сезімді қорлағаны үшін фильм режиссеріне қарсы қандай шара қолдануға болатынын анықтау үшін полиция қызметкерлеріне бұл жағымсыз сюжетті тексеруді тапсырғанын мәлімдеді.