Санкт-Петербург тұрғыны алты баласын кепілде ұстап отыр

Санкт-Петербург маңындағы Колпино ауданында тұратын ер адам пәтерінде алты баласын кепілде ұстап отыр, деп хабарлайды «ТАСС» агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, әкесі кепілге алған балалардың үлкені он бесте, ал кішісі үш жаста.

Балтамен қаруланған ер адам мас және оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне оның қойған талаптары орындалмаса, балаларын өлтіретінін мәлімдеді.

Көршілердің айтуынша, әкесінің өз балаларын кепілге алуына әйелі екеуінің арасында болған тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері қаруланған әкемен келіссөздер жүргізу үшін оқиға орнына психологты шақыртқан.

Back to top button