Жәнібек Әлімханұлы: Мен – орта салмақтың патшасымын

Жәнібек Әлімханұлы: Мен – орта салмақтың патшасымын

Жәнібек Әлімханұлы: Мен – орта салмақтың патшасымын
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) орта салмақта чемпион атанған кез келген боксшыны жеңетінін айтып мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды. «Тағы қайталап айтамын. Мен – 160 фунттың патшасымын. Боксты түсінетіндер мұны жақсы біледі. Егер чемпиондардың қандай да бір сұрағы болса, бұған жауапты рингте алатын болады. Кез келгенін ұрып-жығамын», – деп жазды Жәнібек.  width= Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта орта салмақ бойынша төрт әлем чемпионы бар: қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО; IBF және IBO), мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО; WBA Super және WBC Franchise), америкалықтар Джермалл Чарло (31-0, 22 КО; WBC) және  Деметриус Андраде (29-0, 18 КО; WBO).