Мәжіліс Азия даму банкінен 1,5 млрд теңге несие алуды мақұлдады
Мәжіліс Азия даму банкінен 1,5 млрд теңге несие алуды мақұлдады
Қазақстан COVID-19 пандемиясымен күресу және келесі жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша Азиялық даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 млрд теңге несие алады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды.
2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру бағытында Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 908 миллион 596 мың евро көлемінде несиелік келісімге қол қойылды. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл қаражат Үкіметтің COVID-19 пандемиясының салдарымен күресу және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға көмектесетінін мәлімдеді.
454 миллион 298 мың евро көлеміндегі несиенің бір бөлігін Қазақстан үш жылдық жеңілдік кезеңімен қоса 10 жыл ішінде төлеуі керек.
«Екінші келісім Азиялық инфрақұрылымдық инвестиция банкімен 661 миллион 800 мың евроға жасалды. Бұл қаражат та 2021 жылғы бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға және Үкіметтің Covid-19-ға қарсы шараларын қолдауға жұмсалады. Несие үш жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімімен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі – Euribor + 0,50%», –деп мәлімдеді Қаржы министрі.