Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары
Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары
Бұрынғы «оралман куәлгі» заң жүзінде атауы әлі өзгерген жоқ. Алайда Қоші-қон заңына өзгертулер мен толтқырулар еңізілген соң, бұл мәртебенің атауы өзгертілетіні айтылған.
Қазір қандас мәртебесін ХҚО арқылы алуға болады. Оның жолары мынадай:
– Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барып, броныңызды – растаңыз;
– Операторға төмендегі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз.
Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:
– Еркін түрде жазылған өмірбаян;
– Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті;
– Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі;
Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
– Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат;
– Өтініш беріледі;
Мәртебе мерзімі:
Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
– Мәртебені алу – 15 жұмыс күні;
– Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні;
Ескерту: Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.
Қосымша ақпараттарды Азаматтарға арналған үкіметтен алуға болады.