Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары
ашық дереккөзі

Бұрынғы «оралман куәлгі» заң жүзінде атауы әлі өзгерген жоқ. Алайда Қоші-қон заңына өзгертулер мен толтқырулар еңізілген соң, бұл мәртебенің атауы өзгертілетіні айтылған.

Қазір қандас мәртебесін ХҚО арқылы алуға болады. Оның жолары мынадай:

– Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз; – Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барып, броныңызды – растаңыз; – Операторға төмендегі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз. Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін: – Еркін түрде жазылған өмірбаян; – Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті; – Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі; Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса: – Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат; – Өтініш беріледі; Мәртебе мерзімі: Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады. Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз. Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде: – Мәртебені алу – 15 жұмыс күні; – Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні; Ескерту: Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.

Қосымша ақпараттарды Азаматтарға арналған үкіметтен алуға болады.