«Бұзықтығы үшін жаза»: Тәрбиеші балабақшадағы балаларды дәретхана жууға мәжбүрлеген

Ресейдің Томск қаласының прокуратурасы жергілікті балабақшалардың бірінде балаларды еден мен дәретхана жууға мәжбүрлеу дерегін тексеруде, деп хабарлайды Lenta.ru

Қаладағы №39 балақшаның тәрбиешісі балаларды бұзықтығы үшін осылай жазаламақ болыпты.

«Прокуратура балабақшада білім беру туралы заңнаманың орындалу барысын тексереді», – делінген ведомство хабарламасында. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, заңбұзушылық расталған жағдайда, жаза жеңіл болмайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қытайда бүлдіршіндерге қастандық жасаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілген еді. Цзяоцзо қаласындағы балабақшалардың бірінде жұмыс істеген Ван Юнь есімді тәрбиеші орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең балалардың ботқасына натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Балалардың бірі көз жұмды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button