Әлемнің ең дәулетті адамдары: Илон Маск Билл Гейтсті басып озды

Әлемнің ең дәулетті адамдары: Илон Маск Билл Гейтсті басып озды

Әлемнің ең дәулетті адамдары: Илон Маск Билл Гейтсті басып озды
ашық дереккөзі
SpaceX және Tesla басшысы Илон Маск әлемнің ең дәулетті адамдары тізімінің екінші жолағына көтерілді. Бұған Bloomberg агенттігі жасайтын Bloomberg Billionaires Index (BBI) деректері дәлел. Маск Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтсті басып озды. Оның дәулеті бір жыл ішінде 100,3 млрд долларға өсіп, 127,9 млрд  долларға жетті. Бұл – рекордтық өсім. Ал Гейтстің  дәулеті 127,7 млдр долларға бағаланып отыр. Рейтингтің бірінші орнында – Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос. Оның байлығы 182 млрд доллардың айналасында. Сондай-ақ, әлемдегі ең дәулетті азаматтар бестігіне Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно мен Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг енген. Айта кетейік, кеше Tesla компаниясының акциялары сатылым бағасы жөнінен рекорд орнатқан еді. Бір акцияның құны 524,96 долларға дейін көтерілді. Компания акцияларының күрт қымбаттауына Tesla-ның 21 желтоқсанда S&P 500 биржалық индексіне енетіні жайлы жаңалық әсер етті.