Қазақстандағы газ көлемі қанша?

Қазақстандағы газ көлемі қанша?

Қазақстандағы газ көлемі қанша?
ашық дереккөзі
Газ ресурстары елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.  «Ең алдымен газ ресурстары елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өткім келеді. Қор жөніндегі мемлекеттік комиссия 3,8 трлн текше метр көлемінде өндірілетін газ қорын бекітті. Оның ішінде ілеспе газ – 2,2 трлн текше метр және табиғи газ – 1,6 трлн текше метр. Барлық барланған газ қорының 98 пайызға жуығы - Қазақстанның батысында, бұл ретте 87 пайыздан астамы - ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаты кен орындарында шоғырланған», - деді ол. Министрдің айтуынша, еліміздің ірі кен орындары - Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз қоры Қазақстан Республикасының бүкіл қорының 75 пайызын құрайды. «Өндірілетін газдан қажетті көлем ішкі нарыққа, бір бөлігі экспортқа, бір бөлігі қысымды ұстап тұру үшін қабатқа айдауға және жер қойнауын пайдаланушылардың жеке технологиялық мұқтаждарына жұмсалады», - деді Нұрлан Ноғаев.