Базалық оқулықтың маңызы айтылды

Базалық оқулықтың маңызы айтылды

Базалық оқулықтың маңызы айтылды
ашық дереккөзі
Базалық оқулықтар өңірлер арасында білім сапасын теңестіреді. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті. «Бірінші сынып оқулығы қазіргі кезде даяр. Мен оны өзім барып, қарап келдім. Толықтай баспадан шықты. Бүгінде оқулықтарды мектептерге жеткізу аяқталуда. Жалпы базалық оқулықтар біз үшін көптеген мәселелерді шешеді. Бұл ретте өңірлер арасында білім беру сапасын теңестіруді қамтылып отыр», - деп тоқталды министр. Сонымен қатар ол оқулық мазмұнын жақсартуға ерекше мән беріліп отырғанына айта келе, баспагерлерге базалық оқулықтарды авторлардан мұғалімдерге көмек ретінде бейнежазбамен толықтырып отыруды бастау туралы ұсыныс жасалғанын жеткізді. Е. Сағадиевтің айтуынша, білім беру үдерісінде дәстүрлі құралдарға тиімді қосымша ретінде бейне материалдар мен интерактивті сабақтар болады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісін көрнекті етеді.