Елорда кафесіндегі жарылыстан қаза болған әйелдің отбасына 1 млн теңге төленеді

Елорда кафесіндегі жарылыстан қаза болған әйелдің отбасына 1 млн теңге төленеді

Елорда кафесіндегі жарылыстан қаза болған әйелдің отбасына 1 млн теңге төленеді
ашық дереккөзі
Елордада газ жарылысынан қаза болған Halal brothers дәмханасы жұмысшысының туыстарына 1 миллион теңге төленеді және мәйіттің Қызылордаға жеткізілуіне көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде мәлім етті, деп хабарлайды "Еуразия бірінші" арнасы. Зардап шеккендердің бірінің әйелі қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты. "Олардың бәрі баллонныңң өртеніп кеткенін білген кезде көшеге жүгіріп шықпақ болған. Қаза болған әйел, менің білуімше, қоймаға кірмекші болған, бірақ үлгермеген. Менің күйеуім, мүгедек бола жаздады. Жағдайы - орташа ауырлық дәрежесі. Дәрігерлер бұл басқаларға қарағанда қалыпты жағдай дейді", - деді ол. Полиция "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша тергеуді бастады. Кінәлі 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Еске салайық, 21 қараша күні түсте елорда кафелерінің бірінде газ балон жарылған. Нәтижесінде ас үйдің төбесі құлап түсті. Жарылыс кезінде ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмды. Барлығы жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды емханаға жеткізді. Зардап шеккен адамдардың барлығы дәмхана жұмысшылары. Сондай-ақ жарылыс салдарынан 3 автокөлікке зиян келген.