Ауыр атлетика: Игорь Сон Қазақстан чемпионы атанды
Ауыр атлетика: Игорь Сон Қазақстан чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы ел біріншілігі онлайн форматта өтіп жатыр.
Жарыс нәтижесі бойынша Алматы облысының өкілі Игорь Сон аталған салмақ бойынша жеңіске жетті. Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 301 (136+165) келіні бағындырды. Екінші орынға 269 (120+149) келіні бағындырған қостанайлық Алексей Чуркин, ал үшінші орынға 265 (120+145) келіні көтерген қызылордалық Айдос Тұрсынбай жайғасты.
Айта кетерлігі, Игорь Сон 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.