Алматыда көше бойындағы ағаштарды жаппай отап тастаған мердігерлер жазаланды
Алматыда көше бойындағы ағаштарды жаппай отап тастаған мердігерлер жазаланды
Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуінің мән-жайын анықтады.
Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы, табиғатты қорғау полициясы, Алмалы аудандық қоршаған ортаны қорғау және экология басқармасының мамандары ағаштардың оталуының мән-жайын анықтау үшін Төле би көшесі, 187 мекенжайына барды.
«Аталған мекенжайда 13 ағаштың (9 емен және 4 қарағаш) алынып тасталғаны анықталды. Sulpak мердігерлері - «Сакура»ЖК мен «Бөрібекова» ЖК Төле би көшесі, 187 ғимараттың жанында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Arena S» ЖШС (Sulpak) пен ғимарат иелері және екі жеке кісіпкер - «Сакура» мен «Бөрібекова» арасында демонтаж жұмыстарын жүргізу, тротуар плиталарын қайта қалыпына келтіру және ағштарды кесу бойынша келісімшарттар жасалған. Оталған ағаштарға келтірілген зиянды анықтау үшін Жасыл экономика басқармасы Іле Алатау ұлттық табиғи паркіне сұраныс жолдады. Оның жауаптары бойынша осы бұзушылықтың квалификациясы жасалады «, - деп хабарлады басқармадан.
Сондай-ақ басқарманың хабарлауынша, «Сакура» ЖК директоры А.Чертихинаға қатысты, полиция Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 437 бабы, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, 20 АЕК яғни 55 560 теңге айыппұл салды.
«Бөрібекова» ЖК-не қатысты іргелес аумақты уақтылы тазартпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы, 1-бөлігі бойынша, 30 АЕК мөлшерінде, 83340 теңгеге әкімшілік хаттама жасалды.