Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді
Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді
Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысында айтылған.
Қаулыға сәйкес, облыста спорттық шараларды өткізуге тыйым салынды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен республикалық жарыстарды қоспағанда, бұкаралық ic-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық ic-шараларды, форумдарды, конференцияларды, көрмелерді, семинарларды және т.б.) өткізуге рұқсат жоқ.
Сондай-ақ, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар кызметі тоқтатылады.
Пандемия басталғалы облыста 3461 адам коронавирус жұқтырған. Өңірде індеттен 46 науқас көз жұмды.
Ал республика бойынша өткен тәулікте 716 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 126 мыңнан асты. Елімізде вирус құрбандарының саны 1945-ке жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысында карантин шаралары ұзартылған болатын.