Нобель сыйлығына үміткер әйгілі қазақ ғалымы жайлы не білеміз?
Нобель сыйлығына үміткер әйгілі қазақ ғалымы жайлы не білеміз?
Әйгілі химик Хабибулла Оспанов – Қазақстан тарихында әлемдік деңгейде төрт жаңалық ашқан ғалым. Ол – 2011 жылы химия бойынша Нобель сыйлығына және АҚШ-та (Майами) орналасқан Халықаралық сутегі энергетикалық қауымдастығы тарапынан ең беделді сыйлыққа ұсынылған.
Хабибулла Оспанов – химия ғылымдарының докторы, профессор, Минералды ресурстар халықаралық Академиясының, Қазақстан Минералды ресурстар Академиясының, Нью-Йорк академиясының (АҚШ) академигі «Ғылым» аталымы бойынша жалпыхалықтық тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және ЖОО-ның 2007 жылғы «үздік мұғалімі» грантының иегері. Атаулы платиналы медальмен марапатталған және «ХХІ ғасырдың көрнекті ғалымы», Кембридж, Англия) (377 бет) кітабына енген. ҚазКРО еңбек сіңірген өнертапқышы, КСРО өнертапқышы және ҚазКРО халықтық білім беру ісінің үздігі. 3 халықаралық ғылыми жаңалықтардың авторы, 1000-нан аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 115 өнертабыс пен патенттерге авторлық куәліктің иегері. 22 монография оның 5-і Лондонда, 2 монографиясы Германияда, біреуі Мәскеуде шыққан, сонымен қатар 20 тарта оқулықтар мен оқу құралдары бар. Ол 45 ғылым кандидаты мен 6 ғылым докторын дайындап шығарып, химия саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірден-бір ғалым.