Минскте қазақ сыныбы ашылды

Минскте қазақ сыныбы ашылды

Минскте қазақ сыныбы ашылды
ашық дереккөзі
Минск қаласында М.Әуезов атындағы № 143 орта мектепте Әл-Фараби атындағы сынып ашылды. Мұнда енді қазақ тілі, тарихы мен әдебиеті оқытылмақ.  width= Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев, Завод ауданы әкімшілігінің басшысы Сергей Масляк, бейнеконференция форматында – «Отандастар қоры» КеАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов және «Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің кеңесшісі Болат Дидар қатысты. Елші Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі «Отандастар қорымен» бірлесіп қазақ тілін, әдебиеті мен тарихын оқыту кабинетін ашу бойынша іске асырылған жаңа жоба туралы айтып берді. Оның жайы қайта жөндеуден өтті, дизайнды қоса алғанда онда барлығы Қазақстан мен Беларусьтің өзара достығы мен ынтымақтастығы идеясына бағынады. Қазақ тілін, Қазақстан тарихы мен әдебиетін оқып-үйрену аса қызықты және тиімді болуы үшін қазақстандық тарап мектепке кең форматты теледидар, интерактивті оқулықтар, сөздіктер, танымдық әдебиеттер сыйлады.