Алтынай Жорабаева Түркиядан пәтер сатып алды

Алтынай Жорабаева Түркиядан пәтер сатып алды

Алтынай Жорабаева Түркиядан пәтер сатып алды
ашық дереккөзі
Танымал әнші Алтынай Жорабаева Түркия елінен баспаналы болды. Әншінің енді Алания қаласында жеке пәтері бар. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлап, жақсы жаңалығымен бөлісті. Өнер иесінің бұл жаңалығынан соң көпшілік оның Қазақстаннан көшіп кететіне алаңдаушылық білдірді. Алтынай Жорабаева халық арасында жалған қауесет тарап кетпес үшін қоныс аудару мәселесіне қатысты сұраққа өзі жауап берді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

«Алла ұлық! Алла ұлық! Барлық мақтаулар мен мадақтар тек Аллаға ғана тән. Түркия елінен, Алания қаласынан, теңіздің жағасынан 7 жұлдызды Kingdom Premium Тұрғын үй кешенінен 2+1 ( 3 бөлмелі) пәтер сатып алдық. Үй Алла бұйыртса 2022 жылы желтоқсан айында салынып біткенше бөліп төлейміз. Әр қазаққа жұғысты болсын! Демалуға келіп тұрамыз Алла қаласа. Басқа уақытта жалға беріп, ақша табуға болады», – деп жазды әнші. Осыған дейін қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов та жақында Түркиядан пәтер сатып алған болатын. Жұлдызды отбасы Қазақстаннан көшіп кетуді мүлдем ойламайтындарын, Аланиядағы үйіне тек демалысқа барған кезде тұратындарын айтқан болатын.