Желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады
Желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады
Желтоқсан айында қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалатын болады. Бұл айда елімізде 2 мереке атап өтіледі.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ресми демалыс күні болып есептеледі. Биыл бұл мереке аптаның сейсенбі күніне сәйкес келеді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күнінде қазақстандықтар 4 күн демалады. Яғни, 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері – демалыс. 18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсан, жексенбіге ауыстырылады.
Айта кету керек, 31 желтоқсан, бейсенбі ресми жұмыс күні.