Елордадағы жарылыс: 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Елордадағы жарылыс: 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Елордадағы жарылыс: 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде болған жарылыста күйіп қалған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайдықалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Газ баллондарының жарылуынан жарақат алған 23 адам №1 және №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен тағы 11 адам жеңіл жарақат алған. Олар амбулаторлы емдеуге жіберілді» деді басқарманың баспасөз қызметінен. Пациенттердің көбі түрлі дәрежедегі термиялық күйікпен жеткізілген. Кейбірі орта дәрежеде газбен уланған. Бір пациент жамбас сүйегінің жабық сынығымен травматология бөлімшесінде жатыр. Қалғандары - №1 қалалық аурухананың комбустиология бөлімшесінде. «Денсаулық жағдайы орташа, асқыну байқалмайды. 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр» делінген хабарламада.