Space X компаниясының 60 спутнигін ұшыру кейінге шегерілді

23 қарашаға жоспарланған Starlink ғаламдық интернет желісі спутниктерінің жаңа партиясын ұшыру кейінге шегерілді, – деп жазды ҚазАқпарат.

Space X компаниясы әлеуметтік желілердегі хабарламасында жағдайды былай түсіндірді: «Біз Starlink миссиясын бүгін іске қоспауды ұйғардық. Зымыран мен жүктемеде ақау жоқ, тек қосымша уақытты командалар деректерді талдауды аяқтауға пайдаланады. Қазір ауа райының қалпына келуін ескере отырып, ол 23 қараша сағат 21:34-те ұшырылады».

Бұл Нұр-Сұлтан уақытымен 24 қараша күнгі 08:34-ке тұспа-тұс келеді. SpaceX арнасында ұшырылымды тікелей эфирде көрсету әлі де жоспарда бар. Starlink – SpaceX компаниясы интернет сенімсіз, қымбат немесе мүлдем жоқ жерлерде жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін ғаламдық спутниктік жүйе.

Жобаны әзірлеу 2015 жылы басталды. 2017 жылы SpaceX 2020 жылдардың ортасына қарай Жер орбитасына шамамен 12000 спутникті ұшыруға арналған нормативтік құжаттарды ұсынды. SpaceX 2020 жылы АҚШ-тың солтүстігінде және Канадада, ал 2021 жылға қарай бүкіл әлемде коммерциялық Интернетке қол жеткізуді жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру үшін инвестицияның жалпы сомасы $10 млрд-қа бағаланады. SpaceX сондай-ақ осы жүйені пайдаланатын спутниктерді зерттеу және ғылыми мақсаттар үшін сатуды жоспарлап отыр.

Back to top button