Щучье қаласындағы ағаш өңдеу цехы өртенді

Ақмола облысының Бурабай ауданында ағаш өңдеу цехы өртке оранды, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін таңертең болған. Бұл туралы таңғы сағат 06:45 шамасында 112 телефон нөміріне хабар түсті.

Щучье қаласы Верхняя, 22 мекенжайында орналасқан ағаш өңдеу цехын жалын шарпыған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Щучье қалалық ТЖ бөлімшесінің жеке құрамынан 10 қызметкер және 3 арнайы техника тартылды.

«Өрт сағат 08:00 ауыздықталып, 08:51 сөндірілді. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді ведомстводан.

Back to top button