Жүздеген адамның мүрдесі тоңазытқышта сақталып тұр

23 қараша, 2020 / Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Жүздеген адамның мүрдесі тоңазытқышта сақталып тұр 2020 жылғы сәуір айында Нью-Йорк штатында коронавирус үдеген уақытта қайтыс болған адамдардың мүрдесі әлі күнге дейін ішінде тоңазытқыш орнатылған жүк көлігінде сақтаулы. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды. Бруклин жағалауына тұрақтаған жүк көліктерінде 650-ге жуық адамның мүрдесі сақталған. Нью-Йорк қаласы ресми өкілдерінің айтуынша, қайтыс болғандардың басым көпшілігінің туған-туыстары табылмаған немесе жақындары жерлеу рәсіміне жеткілікті қаражат таба алмаған.