82 мыңнан астам жұмыссыз азаматқа әлеуметтік төлем тағайындалды

23 қараша, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
82 мыңнан астам жұмыссыз азаматқа әлеуметтік төлем тағайындалды Жыл басынан бері жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алғандардың саны 82,1 мыңға жетті. Бұл ретте 10 489 азаматқа төлем қазан айында тағайындалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Төлем жоғалған кірістің 40 пайызына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге: Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде Еңбекминінің ақпарат жүйесі проактивті форматта төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.