Жаңалықтар

Бұл қандай дәстүр? Қызды ақ киізге көтеріп ұзатқандар жұрттың таңданысын тудырды (видео)

ашық дереккөзі

Бұл қандай дәстүр? Қызды ақ киізге көтеріп ұзатқандар жұрттың таңданысын тудырды (видео)

Қазақ ханды ақ киізге отырғызып, үш рет бастан асыра көтеріп ұлықтаған. Ал қазір бұл дәстүр қыз ұзату тойында қолданысқа ене бастағандай. Желіде бір топ ер азаматтың бойжеткенді ақ кілемге салып, ұзатып жатқан видеосы қызу талқыға түсті. Қазақта мұндай салттың бар екенін бұрын-соңды көрмеген әлеуметтік желі қолданушылары таңғалыстарын жасыра алмай, неше түрлі пікір білдіруде.