Бұл қандай дәстүр? Қызды ақ киізге көтеріп ұзатқандар жұрттың таңданысын тудырды (видео)

Қазақ ханды ақ киізге отырғызып, үш рет бастан асыра көтеріп ұлықтаған. Ал қазір бұл дәстүр қыз ұзату тойында қолданысқа ене бастағандай.

Желіде бір топ ер азаматтың бойжеткенді ақ кілемге салып, ұзатып жатқан видеосы қызу талқыға түсті. Қазақта мұндай салттың бар екенін бұрын-соңды көрмеген әлеуметтік желі қолданушылары таңғалыстарын жасыра алмай, неше түрлі пікір білдіруде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ҚАЗАҚТЫҢ ТОЙЫ БІТПЕСІН🍒 (@svadba_kazzz)

Видеодан бір топ ер азаматтың қызды ақ кілемге отырғызып ұзатып жатқаны байқалады.

«Дереу батысқа барамыз ба, не істейміз ағайын? Біз көрмеген қанша салт бар сіздерде өзі?», – деп жазған видеоны бөліскендер. Желі қолданушылары еліміздің батыс өңірінде мұндай салттың жоқтығын айтып жатыр.

Десе де қызын кілемге отырғызып ұзату елімізде бар деушілер де табылды.

«Маңғыстауда салт осылай. Қызды ұзатады. Екі күн той болады. Кешке «қыз қашар» береді. Сосын ағаш үйден сүйреп шығарады», «Ноғайлықтар болу керек, ақ киізге тектілігін сақтап, үйінен ұзатады», «Қыз ұзатып жатыр. Кілемді тек ағалары көтереді», – деп жазған өзге пікір қалдырушылар. Бұл салтты бірі ұнатса, енді бірі сын-пікірін жаудырған. «Ақ киізге отырғызып, хан көтереді» деген бар еді, мынасын білмедім», «Келінге не деген құрмет», «Не болса да, ұзатылып бара жатқан қыздың абыройын көтермелеу шығар? Ағаларының шығарып салуы сияқты ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Back to top button