Жаңалықтар

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қоғамдық кеңес өткізді

ашық дереккөзі

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қоғамдық кеңес өткізді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қоғамдық кеңесі саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде министр Дәурен Абаевтың төрағалығымен Ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, дауыс беру нәтижесінде Кеңестің төрағалығына Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, хатшы болып ҚР АКМ Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары Архат Бақытбекұлы Садуақасов сайланды. Сонымен қатар, отырыста Қоғамдық кеңес туралы ереже, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, министрліктің стратегиялық жоспары мен 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары, нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқыланып, мақұлданды. Кездесудің соңында келесі отырыстың күн тәртібі бекітіліп, бұдан кейінгі кеңестерді БАҚ-тың қатысуымен «Қазмедиа орталығы» базасында өткізу жөнінде шешім қабылданды.