Алматыда «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты Мәуліт кеші өтті
Алматыда «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты Мәуліт кеші өтті
Алматы қаласында «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты рухани онлайн Мәуліт кеші өтті.
Мәуліт кеші Ерсін қари Әмірінің Құран оқуымен басталды. Бұдан кейін белгілі ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады.Алматыдағы Мәуліт кеші барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн құттықтау жолдады. Бас мүфти барша қазақстандықтар мен мұсылман жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен дініміздің асыл құндылықтары жайлы айтты.Онлайн Мәуліт кешінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры арнайы әзірлеген ғибратты қойылымел назарына ұсынылды. Қойылымда бізден бұрын өмір сүрген ізгілердің Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақ жолын қалай ұстанғаны және дін деген ұлы аманатты келер ұрпаққа қалай жеткізгені туралы сауалдарға хикметпен жауап беріледі. Сондай-ақ «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры мен Сәкен Майғазиевтің Смарт мектебі Мәуліт кешіне арнап сахналық қойылым әзірледі.Одан бөлек онлайн Мәуліт кешінің атауымен жаңа кітап жарық көрді. ҚМДБ-ға қарасты «Имам Матуриди» ғылыми-зерттеу орталығының әзірлеген бұл еңбек – ғұлама Хафиз Мұғалтай ибн Қылыш Ханафидің «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты кітабының аудармасы. Кітапты өңдеп, ғылыми сілтемелер берген Мұхаммед Низамуддин Футаийх. MUFTYAT баспасынан шыққан еңбекте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмыры мен тәлімгерлік тағылымы баяндалған.