Павлодар облысында екі көлік соқтысығып, жүргізушілері мерт болды

Павлодар облысында екі көлік соқтысығып, жүргізушілері мерт болды

Павлодар облысында екі көлік соқтысығып, жүргізушілері мерт болды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтысығып, екі көліктің де жүргізушілері мерт болды, – деп жазды Pavlodarnews.kz. Полицияның өңірлік департаменті хабарланғандай, көлік апаты 2020 жылы 21 қараша күні сағат 23:30-да, «Павлодар-Омск» автожолының 31-ші километрінде болған. «Павлодар ауданының Сычевка ауылында ВАЗ-2107 мен Lada Vesta маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысты. ВАЗ-2107 көлігінің 53 жастағы жүргізушісі мен Lada Vesta көлігінің 40 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. ВАЗ-2107 көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Көлік апаты бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.